Ең қауіпсіз қалалар ондығында Түркияның бір қаласы бар

Ескишехир қаласы әлемдегі ең сенімді қалалардың алғашқы ондығына ілікті.

1573664
Ең қауіпсіз қалалар ондығында Түркияның бір қаласы бар

Түркияның Ескишехир қаласы әлемдегі ең сенімді қалалардың алғашқы ондығына ілікті.

Numbeo зерттеу компаниясы қылмыстық істердің көрсеткішіне негіздеп қала зерттеуін жүргізеді.  Осы компанияның  тізімінде әлемнің 431 қаласы бар. Әлемнің ең сенімді қалалары тізімінде бірінші орында Біріккен Араб Әмірліктерінің бас қаласы Абу Даби тұр.

Алғашқы ондыққа Біріккен Араб Әмірліктерінің үш қаласы енген. Абу Даби 100 ұпайдан 88,46 сенімділік индексімен бірінен соң бірі бесінші рет бірінші орынды иеленді.

Түркияның Ескишехир қаласы 82,42 ұпаймен сегізінші орын иеленді.  Анталия 72,83 ұпаймен 61-ші кезекте.

Әлемнің ең сенімді қалаларының алғашқы ондығы:

1. Абу Даби, БАӘ

2. Доха, Катар

3. Таипей, Тайвань

4.Кубек, Канада

5. Цюрих, Швеция

6. Шарика, БАӘ

7. Дубай, БАӘ

8. Ескишехир, Түркия

9. Мюнхень, Германия

10. Триесте, Италия

Тізімге қылмыстық индекс тұрғысынан қарағанда Венесуэла 84,68 ұпаймен алда тұр. Бұл - әлемде қылмыс ең көп жасалатын қала.



Ұқсас жаңалықтар