Индонезияда 45 мың 500 жыл бұрынғы сурет табылды

Сулавеси аралынан 45 мың 500 жылдың алдында сызылғаны мөлшерленген бір жабайы доңыздың суреті табылды.

1563736
Индонезияда 45 мың 500 жыл бұрынғы сурет табылды

Индонезияның Сулавеси аралындағы бір үңгірде 45 мың 500 жылдың алдында сызылғаны мөлшерленген, әлемдегі ең байырғы жануар суреті табылды.

BBC-дің хабарына қарағанда археологтар Leang Tedongnge атты үңгірде 45 мың 500 жылдың алдында сызылғаны мөлшерленген бір жабайы доңыздың суретін тапты.

Арқасында екі қолдың таңбасы бар, 136x54 сантиметр өлшеміндегі суретте бейнеленген жануардың мүйізі себепті үлкен еркек жабайы доңыз екені хабарланды.

Зерттермен Максиме Ауберт суреттің қашан сызылғанын анықтау үшін суреттің үстіндегі кальцит қабатының зерттеліп жатқанын, изотоптардың бұзылу мезгілін анықтау әдісінің қолданылғанын айтты.

Маман Адам Брумм да суретте жабайы доңыздың сызылған өзге екі доңызбен байланыста болғаны немесе екі доңыз арасындағы таласты бақылауы суреттелгені мөлшерленгенін білдірді.  

Аталмыш суретке байланысты мәліметтер "Science Advances"  журналында жарияланды.

Индонезияның Борнео аралындағы бір үңгірден 2018 жылы  кемінде 40 мың жылдың алдындағы бір жануардың суреті табылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар