Түркия мен Пәкістан бірігіп сериал түсіреді

Пәкістан премьер-министрі түрік делегациясын қабылдады.

1560067
Түркия мен Пәкістан бірігіп сериал түсіреді

Түркия мен Пәкістан тарихи теледидар сериалын бірге түсіреді.

Пәкістан премьер-министрлік кеңсесінің хабарламасына қарағанда,  премьер-министр Имран Хан Түркиядан Tekden Film компаниясының басшысы Кемал Текден басшылығындағы делегацияны қабылдады.

Кездесуде Балқан шайқастары барысында Үнді түбегіндегі мұсылмандардың ролі баяндалатын «Түрік Лала» атты сериалдың жүзеге асырылуына байланысты мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысқан Штаттар және шекара аймақтарына жауапты мемлекеттік министрлік пен Есірткімен күрес министрлігін атқарған Шехрияр Африди болса «Түрік Лаланың» Абдуррахман Пешавериге қойылған есім екенін және «түрік аға» деген мағынаға келетінін айтты. Ол жаңа сериалдың жас буынға өнеге болатынын білдірді.

Анадолы агенттігінің алғашқы тілшілерінің бірі, Түркияның Ауғанстандағы тұңғыш өкілетті елшісі Пешавери әрі Халифат қозғалысындағы маңызды ролі, әрі Чанаккале және Ұлтазаттық соғыстағы үлесімен атағы шықты.

Пәкістан премьер-министрі Хан «Тірілу Ертұғрыл» телехикаясының Пәкістанда үлкен қызығушылық оятқанын айтып,  Tekden Film компаниясын құттықтады. Имран Хан мұсылмандар түбекте билік құрған кездің алтын дәуір болғанын жас ұрпақтың білмейтінін атап көрсетті. Ол Бабур мемлекеті билік құрған жылдар, сонымен бірге мұсылмандар басқарған кезеңдер туралы одан да көп фильм және телесериал түсіруді ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар