"Жылжымалы сарай" деректі фильм болды

Ататүріктің қоршаған ортаға мән бергенін баяндау үшін деректі фильм түсірілді.

1556543
"Жылжымалы сарай" деректі фильм болды
yuruyen kosk.jpg
yuruyen kosk.jpeg

Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің бұйрығымен 1929 жылы салынған және іргесіндегі шынар ағашын зақымдамау мақсатымен желімен көшірілген "Жылжымалы сарай" деректі фильм арқылы әлемге таныстырылады. 

Жыл сайын мыңдаған адам тамашалайтын "Жылжымалы сарай" 20 күндік түсіріліммен дайындалған "Ол шынар" атты деректі фильмге желі болды.

Режиссер Фехми Герчекер деректі фильмді Ататүріктің қоршаған ортаға мән бергенін бейнелеу және бізге қалдырған мұрасын әлемге таныстыру мақсатымен түсіргендерін айтты.

"Жылжымалы сарай" әңгімесінің әлемде теңдесі кезікпейтінін баяндаған Герчекер:

"Аталмыш тақырып 1930 жылдарда естілмеген, әлемде кездеспеген бір оқиға.  Сол дәуірде бір шынар ағашының бұтағын кеспеу үшін сарай орнынан көшірілген.  Бұл өте қызықты бір әңгіме. Осы оқиғаны негіз етіп, деректі фильм түсіруге шешім жасадық және мұны әлемге таныстыру мақсатымен "Жылжымалы сарай" деректі фильмі басталды" деді.  

Деректі фильм ағылшын тіліне аударылып, әлемдегі телеарналарға таратылады.   



Ұқсас жаңалықтар