Мәулана Конияда еске алынуда

Түркияның Кония қаласында дәстүрлі Шеб-и-Аруз фестивалі өтіп жатыр.

1541617
Мәулана Конияда еске алынуда

Ілімімен әлемде назар аударған ұлы ойшыл, түрік және Ислам әлемінің ең үлкен сопыларының бірі Мәулана Джелаледдин Руми дүниеден озғандығының 747-ші жылдығында түрлі іс-шаралармен еске алынуда.

Әзіреті Мәулананың дүниеден өткеніне 747 жыл толуына орай Халықаралық еске алу рәсімдерінің бірінші күнінде «Бірлік уақыты» тақырыбымен басталған іс-шаралар Мәулана Мәдениет орталығында ұйымдастырылған бағдарламамен жалғасты. 

Кония губернаторы Вахдеттин Өзкан Әзіреті Мәулананың адам баласын қайғыртқан өлімінің жылдығы “Шеб-и-Аруз” атымен дүниеге келген түні ретінде қаралғанын еске салды.

“Шеб-и-Аруз” "үйлену тойы алдындағы түн" деген мағынаны білдіреді.

Өзкан Мәулананың дүнеиеден озғанына 8 ғасыр өтуіне қарамастан Әзіреті Мәулананың әрбір нақыл және хикметті сөздерінің барша адам баласына тарих бойынша жол сілтегенін атап айтты.

Губернатор Өзкан «Анадолы жерінде дүниеге келген, ғылымды барша әлемге таратқан, құқық пен ақиқат жолын ұстанып келген Мәулананың дүниеден озғанына 747 жыл толғанына қарамастан адамзатқа деген сүйіспеншілігі, шыншылдығы, ой-пікірлері және еңбектерімен миллиондаған адамды өзіне баурады» деді.

Рәсімдер Әзіреті Пірдің мазарында өткізілді. Кешендегі шара Сема рәсімі және дұғамен жалғасын тапты.

 



Ұқсас жаңалықтар