Марадона қайтыс болды

Аргентинада үш күндік аза жарияланды.

1534604
Марадона қайтыс болды

Әлем футболы ең үздік қабілетті тұлғалардың бірінен айрылып қалды.

Футбол тарихына атын алтын әріптермен жаздырған Диего Армандо Марадона қайтыс болды.

Артында алпыс жылдық алуан түсті өмір қалдырды.

Футболдың аңыз адамы жақында миынан операция жасатып, көп уақыт ауруханада жатқан болатын.

Карьерасы табыстар және скандалдарға толы марадона 1960 жылдың 30 қазан күні өмірге келді. Футболды Argentinos Juniors командасында бастаған жұлдыз Boca Juniors күндерінен кейін 1982 жылы Барселонаға трансфер болды.  Екі жыл осында ойнаған Марадона артынан Наполи командасына өтті.  Трансферімен екі рет әлемдік рекорд жасаған жалғыз футболшы деген атаққа ие. Марадона Наполиде екі рет чемпиондық көреді. 1986 жылғы Әлем кубогында да жұлдыз еді.  Аргентна сол жылы футболда үздік атанып,  кубокты да Марадона көтерген еді.

Осы кубоктаңы бір голі FIFA тарапынан «Ғасырдың голі» деп аталды.

Карьерасы табыспен толы аргентиналық футболшы UEFA кубогы, UEFA Супер кубогы, Италия кубогы, Италия супер кубогымен бірге Испания лигасында, кубогында және супер кубогында чемпиондықтарды да басынан өткенді.

Футбол ойнайды тастағаннан кейін жаттықтырушы болып істеді.

Марадона үшін Аргентинада үш күндік аза жарияланды.

Әлем футболы қаралы...



Ұқсас жаңалықтар