Қазбада маска табылды

2 мың 200 жылдық екені болжалған он маска табылды.

1533611
Қазбада маска табылды

Мугланың Ятаган ауданындағы Страконикея ежелгі қаласында жүргізілген қазба жұмыстарында 2 мың 200 жылдық екені болжалған он маска табылды.

ЮНЕСКО Әлемдік мұраның уақытшы тізімінде орын алған Стратоникеяда қазба жүргізген Памуккале Университеті оқытушысы Проф. Билал Сөгүт басшылығындағы команда он екі айдан бері аймақта жұмыс істеп жатыр.

Эллиндік, Рим, Византия, мырзалықтар, Османлы және республика дәуірлеріне тиісті туындылар табылатын ежелгі қаладағы қазбада екі мың екі жүз жылдық ежелгі театр тұрған ғимарат орнында мифологиялық маскалар табылды. Соңғы екі жылда жарыққа шығарылған 33 масканың тазалау және жөндеу істері аяқталып, көрмеге қойылды.  Енді жаңа табылған маскаларды қосқанда мифологиялық маска саны 43-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар