Үш күнде әлемдік үш рекорд

Фатма Урук үш күндік әлемдік рекорд сынақтарын табыспен аяқтады.

1531263
Үш күнде әлемдік үш рекорд

Еркін стильдегі сүңгуір Фатма Урук үш күндік әлемдік рекорд сынақтарын табыспен аяқтады.  Ол Мексикада үш рет әлем рекордын жаңалап,  үлкен табысқа қол жеткізді.

Фатма Урук бірінші күні «Өзгеретін салмақпен, ескекаяқсыз» категориясында 72 метрлік дәрежесімен жаңа әлемдік рекордсмен атанды. Осы саладағы бұдан бұрынғы рекорд 70 метрмен түрік спортшы Дерия Жанға тиесілі болатын.

Екінші күні 32 жасар спортшы «Тұрақты салмақпен, қос ескекаяқ» категориясында 67 метрлік дәрежесімен орыс спортшы Ольга Давыдованың әлемдік рекордын жаңалады.

Фатма Урук бүгін «Өзгеретін салмақпен,  ескекаяқсыз» категориясында 72 метрлік өз рекордын 77 метрге жаңалады.



Ұқсас жаңалықтар