Жер шарына астероидтың соғылуы динозаврларды құртқан

Ғалымдар астероид Жер шарына соғылмаса, динозаврлардың жер бетінде тіпті ұзақ өмір сүрулері мүмкін екенін жариялады.

1530182
Жер шарына астероидтың соғылуы динозаврларды құртқан

Жер бетінде динозавр саны Жер шарына астероид соғылудан бұрын азаймағаны алға тартылды.

The Independent газетінің хабарына қарағанда Бач университеті мен Табиғат тарихы мұражайының ғалымдары астероид Жер шарына соғылмаса, динозаврлардың жер бетінде тіпті ұзақ өмір сүрулері мүмкін екенін жариялады.

Ғалымдар осы нәтижеге жету үшін түрлі динозавр тегін жинастырды. Негізгі динозавр топтарының осы кезеңде әлі де жаңа түрлерді дүниеге әкеліп-әкелмегенін өлшеу мақсатымен статистикалық үлгілер қолданды.

Зерттеуде Жер шарына соғылған астероидтың күші соншалықты күйретуші болмаса, динозаврлардың жер бетіндегі ең күшті құрлық хайуаны ретінде билік құруы мүмкін екенін және тіпті  жетілетінін анықтады.

Бұрынғы зерттеулерде Жер шарына мөлшермен 66 миллион жылдың алдында астероид соғылғанда динозаврлардың жылдам азаю процесіне кіргені  мөлшерленген болатын.      



Ұқсас жаңалықтар