Стамбұл әуежайы халықаралық жүлде алды

Стамбұл әуежайы Халықаралық Әуежайлары кеңесі тарапынан "Сандық трансформацияда Еуропаның үздік әуежайы" жүлдесін алды.

1530169
Стамбұл әуежайы халықаралық жүлде алды

Стамбұл әуежайы Халықаралық Әуежайлары кеңесі тарапынан ұйымдастырылған "16th ACI Europe Awards" аясында "Сандық трансформацияда Еуропаның үздік әуежайы" жүлдесіне лайықты деп табылды.

Түркияның әлемге ашылған қақпасы Стамбұл әуежайы жобасы жасалған кезден бастап барлық процесін сандық трансформация мен технологиялық әуежайы болу ерекшелігімен жасалуы нәтижесінде Халықаралық Әуежайлары кеңесі тарапынан "Сандық трансформацияда Еуропаның үздік әуежайы" жүлдесін алды.

Үздік жүлде Бельгияның астанасы Брюссельде ұйымдастырылған рәсіммен берілді.

Стамбұл Әуежайлары атқару кеңесінің төрағасы Кадри Самсунлу жолаушылардың басты талабының сандық технологиялар саяхат тәжірибесін тану екенін білдірді.

Осы талапқа сай алғашқы күннен бастап сандық трансформация мен технологияны Стамбұл әуежайының орталығына орналастырғандарын айтқан Самсунлу:

"Осылайша технологияның барлық мүмкіндіктерінен пайдалану жолымен ұсынған ақылды шешім және қызметтермен Стамбұл әуежайында жолаушыларға теңдесіз бір саяхат тәжірибесін көрсетіп отырмыз. Болашақта сандық энтеграция жылдамдығын  еселеп арттырып, әуежайы кәсіпорны қызметін "технологиялық жұмыс орнына" айналдыру басты нысанамыз" деді.   



Ұқсас жаңалықтар