Жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін картина

Түскен табыс жер сілкінісінде зардап шеккендер үшін қолданылады.

1524396
Жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін картина

Германияда «Ғажайып бала» деп аталған сегіз жасар суретші Микаил Акар мен грек суретші Нико Николаидистің бірге салған картинасы Эгей теңізіндегі жер сілкінісінде зардап шеккендер үшін сатылады.

Табыстарымен тек Германияда ғана емес,  әлемнің басты баспасөз органдарында аты жазылған түрік текті Микаил Акар мен Германияда тұратын 29 жасар грек суретшінің «Самир» атты картинасы сатылады.  Түскен табыс жер сілкінісінде зардап шеккендер үшін қолданылады.

Картина Кельн қаласында ертең аукционға шығады. Микаилдің әкесі Керем Акар баласының табыстарын мақтан тұтатынын,  жер сілкісінде зардап шеккендер үшін ұйымдастырылған осы жобаға шынайы қолдау бергендерін айтты.

Эгей теңізіндегі жер сілкінісінде әрі Түркияда, әрі Грекияда азаматтар зардап шеккен болатын.



Ұқсас жаңалықтар