Гөбеклитепеде ыстық ауа шарлары ұшырыла бастады

Ыстық ауа шарларында отырып Гөбеклитепе мен Шанлыурфаның көркем көріністерін тамашалай аласыз.

1511359
Гөбеклитепеде ыстық ауа шарлары ұшырыла бастады

Шанлыурфада БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО Әлемдік мұлралар тізіміне кірген және "Тарихтың басталған жері" деп бағаланған Гөбеклитепеде ыстық ауа шарымен ұшу басталды. 

Шанлыурфа уәлаятынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Гөбеклитепеде туризм мақсатымен ыстық ауа шарымен ұшуға жауапты фирма Азаматтық авиация Бас басқармасынан қажетті рұқсатты алғаны білдірілді.

Сынақ ретіндегі таныстыру ұшулары аяқталды. Фирма 18 қазаннан бастап шарларды ресми  ұшырды.

Азандағы күнннің шығуымен бірге аспанға көтерілген ыстық ауа шарларында отырып  Гөбеклитепе мен Шанлыурфаның көркем көріністерін тамашалай аласыз. 

Коронавирус індеті сақтық шараларына сай шарлар кезекпен ұшырылады. 



Ұқсас жаңалықтар