Жапон турист антикалық қаланы тамашалады

ЮНЕСКО тарапынан Әлем мәдени мұралары тізіміне енген Мачу Пикчу антикалық қаласының қараша айында туристерге ашылуы жоспарлануда.

1508426
Жапон турист антикалық қаланы тамашалады

Жапон туристер арнаулы рұқсатпен Мачу Пикчу антикалық қаласын сапарлаушыларға қайта аштырды.

Жаңа типті коронавирус індеті сақтық шаралары себепті жабылған Перудағы БҰҰ ЮНЕСКО Әлем мәдени мұралары тізіміне енген Мачу Пикчу антикалық қаласы айлардан кейін алғашқы туристі күтіп алды.

Жапон турист әлемге танымал Инка антикалық қаласы Мачу Пикчуды көру үшін айлар бойы күтті.  Алайда коронавирус себепті қалаға кіре алмады. 

Турист Перу Мәдениет министрлігіне арнайы талабын жеткізді. 15 ғасырда салынған антикалық қала осы туристке арналып ашылды.

7 айдан кейін мақсатына жеткен жапон турист бір видеомен алғысын жеткізді.

ЮНЕСКО тарапынан Әлем мәдени мұралары тізіміне енген Мачу Пикчу антикалық қаласының қараша айында туристерге ашылуы жоспарлануда. 

2007 жылы әлемдегі 7 кереметтің бірі болып таңдалған антикалық қала індет сақтық шаралары себепті аз зияратшы қабылдайды.      



Ұқсас жаңалықтар