Галата мұнарасына саяхатшылар ағылды

Стамбұлдағы Галата мұнарасы бір аптада 15  мыңнан астам саяхатшыны күтіп алды.

1508884
Галата мұнарасына саяхатшылар ағылды

Стамбұлдағы Галата мұнарасы бір аптада 15  мыңнан астам саяхатшыны күтіп алды. 

Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан жасалған реставрациядан кейін қақпаларын бір апта бұрын қайтадан ашқан тарихи Галата мұнарасына коронавирус үшін жасалған қатал алдын алу шараларға қарамастан көп саяхатшы келді. 

Министрліктен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Галата мұнарасына бір аптада 15 мың 685 адам келді. 

Галата мұнарасы XIV ғасырда салынған. Оның биіктігі 61 метр. Галата мұнарасы бір төбеге орналасқан. Жобалауы сонша керемет 140 метр теңіз деңгейінен жоғары көтеріледі. Сол себепті Галата мұнарасын Стамбұлдың әрбір ауданынан көруге болады. 

Ұзақ тарихы бар және әлемнің ең көне мұралардың бірі болған Галата мұнарасын Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан өткізілген беташардың ертесінде 1687 адам тамашалады.

Галата мұнарасына келген саяхатшылар апта аяғында екі есе артты.

 



Ұқсас жаңалықтар