2050 жылы қарттар саны 1,5 миллиард болады

1  қазан - Қарттардың халықаралық күні

1500924
2050 жылы қарттар саны 1,5 миллиард болады

2050 жылы қарттар саны 1,5 миллиард болады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан 1990 жылы 1  қазан күні Қарттардың халықаралық күні ретінде жарияланды.

Биыл отызыншы рет атап өтілген осы күні сонымен бірге БҰҰ-ның «Салауатты қартаюдың он жылы (2020-2030) деп аталған кезеңі басталды. Осы кезең аяқталғанда 2019 жылы 1 миллиард болған 60 жастан үлкен адам саны 34 пайыз артып, 1,4 миллиардқа жетеді.

Қарттар ең көп елдер Шығыс пен Оңтүстік шығыс Азияда. Осы аймақта 261 миллион қарт тұрады. Екінші орындағы Еуропа мен Солтүстік Америкада 200 миллион қарт өмір сүреді.

БҰҰ зерттеуіне қарағанда,  келесі отыз жылда әлем көлемінде қарттардың саны екі есе артады.  2050 жылы 1,5 миллиардтан көп кісі 65 жастан үлкен болады. Қарт тұрғындардың саны ең көп шыңыс және оңтүстік шығыс Азияда артады деп болжалуда. Болжамдар 2050 жылы жаһандық деңгейде қарт тұрғындардың шамамен 80 пайызының аз дамыған елдерде болатынын көрсетіп отыр.2050 



Ұқсас жаңалықтар