Бельгияда "Автомобильсіз күн" ұйымдастырылды
Брюссель қаласы ішінде саяхат, ойын, спорт, музыка, көрме және өнер қойылымдары ұйымдастырылды.
Бельгияда жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбі күні ұйымдастырылатын "Автомобильсіз күн" іс-шарасы жанды көріністерге сахна болды.
Астана Брюссельде бір күн моторлы көліктерге жабылған жолдар мен көшелер жаяу жүргендер мен велосипед мінгендерге толды.
Сағат 09.30-дан 19.30-ға дейін моторлы көліктер тоқтады. Тек қана тасымал көліктері мен мәжбүр жағдайда көлік қолдануға рұқсат берілген қалада жылдамдық 30 километрге шектелді.
Қала халқы жексенбі күнгі тамаша орайда жаяу немесе велосипедпен көшелерді аралады.
"Автомобильсіз күнге" орай іс-шаралар да ұйымдастырылды. Брюссель қаласы ішінде саяхат, ойын, спорт, музыка, көрме және өнер қойылымдары ұйымдастырылды.
Брюссель Топтық тасымал фирмасы көліктердің көшеге шығуы шектелген сағаттарда ақысыз қызмет өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Түрік елші жыл дипломаты атанды
Осман Корай Ерташ «Еуразия және Балқан аймағының жыл дипломаты» сыйлығына лайық деп танылды.
Ресейде түрік деректі фильмі сыйлық алды
«Барлығы ойдағыдай» (2022) атты деректі фильм Үздік деректі фильм сыйлығын алды.