Стамбұл Джаз фестивалі басталды

Стамбұлдағы түрліше ашық мекендерде өткізілетін фестиваль 14 қыркүйекке дейін жалғасады.

1484393
Стамбұл Джаз фестивалі басталды
27. istanbul caz festivali.jpg
27. istanbul caz festivali1.jpg

Стамбұл Мәдениет және өнер қоры тарапынан ұйымдастырылған "27-ші Стамбұл Джаз фестивалі" басталды.

Фестивальдің алғашқы концерті жаңа типті коронавирус сақтық шаралары аясында шекті көрермен және әлеуметтік аралықтарды сақтау арқылы ұйымдастырылды.

Әлемге танымал пианист Селен Гүлүн қатарлы 5 өнерпаз сахнаға шыққан концертте джаз әншілері Сибел Көсе мен Еже Гөксу ән шырқады.

Фестивальге байланысты мәліметтерді "caz.iksv.org"  парақшасынан табасыз.

Стамбұлдағы түрліше ашық мекендерде өткізілетін фестиваль 14 қыркүйекке дейін жалғасады. 

Концертті 20 қыркүйектен кейін "online.iksv.org"  парақшасынан тамашалай аласыз.  



Ұқсас жаңалықтар