Аспендос Опера және балет фестивалі басталады

Анталия Аспендос Антикалық театрында Халықаралық Аспендос Опера және балет фестивалі 5-12 қыркүйекте өтеді.

1483044
Аспендос Опера және балет фестивалі басталады

27-ші Халықаралық Аспендос Опера және балет фестивалі 5-12 қыркүйек арасында  Анталия Аспендос Антикалық театрында ұйымдастырылады.

Мәдениет және Туризм министрлігі Опера және балет директорлығы тарапынан ұйымдастырылатын 27-ші Халықаралық Аспендос Опера және балет фестивалі жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті сақтық қағидалары атқарылып, таңдамалы шығармалар мен табысты өнерпаздар сахнаға шығатын үш концертпен өнерсүйер қауымға ұсынылады.

Мәдениет және Туризм министрлігі Опера және балет директорлығынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Анталия Аспендос Антикалық театрының сырлы атмосферасында 26 жылдан бері жалғасты ұйымдастырылып келген және министрліктің нысанасына сай Түркияның мәдениет және өнер туризміне есе қосатын фестиваль 5 қыркүйекте "Гала концертімен" басталады.

Түрік және әлем сахналарында табыстары анықталған танымал опера өнерпаздары өнерсүйер қауымға тамаша бір кеш сыйлайды. 

Бай мазмұнды еңбектермен 9 қыркүйек күні "3 Софрано-3 Бас" концертімен жалғасатын фетивальде Анталия Мемлекеттік Опера және балет оркестрінің сүйемелдеуінде танымал өнерпаздар сахнаға шығады.

Фестиваль 12 қыркүйек сенбі күні "Жас Опера жұлдыздары" концертімен аяқталады.   



Ұқсас жаңалықтар