30 тамыз Жеңіс мерекесіне орай концерт берілді

Режеп Тайып Ердоғанның 30 тамыз жеңіс мерекесіне арналған жолдамасы жарияланды.

1482005
30 тамыз Жеңіс мерекесіне орай концерт берілді

Президенттік сарайда 30 тамыз Жеңіс мерекесіне орай концерт ұйымдастырылды. 

Концерт Президенттік сарайы және Коммуникация басқармасының YouTube каналдары және әлеуметтік медиа желілері мен теледидар каналдарынан тікелей эфирде берілді. 

Концертте Азаттық соғысы жайлы бейне көріністер және Түрік Қарулы күштерінің шекара тысы операцияларынан құрылған қысқа видеофильмі және президент Режеп Тайып Ердоғанның 30 тамыз Жеңіс мерекесіне арналған жолдамасы жарияланды. 

Ердоған 1922 жылы 30 тамыздың Үлкен соғыстың табыспен аяқталған күн екенін түсіндіріп, алғаш рет Дарданель арқылы бір үміттің көрілгенін және жаңа бір жүректің қайтадан дүрсілдей бастағанын баяндады. 

Президент Ердоған жолдамасында "Анадолыдағы мың жылдық болмысымыз осы таңға дейін болғандай бұдан кейін де алдына шығатын кедергілерді жеңе алатын күшке, мүмкіндіктерге және табандылыққа ие. Сондықтан ең маңызды нәрсе ұлтымыздың береке-бірлігі. Осы отан үшін мыңдаған әскерлеріміз бен ардагерлерміз шейіт болды. Олардың борыштарын осылай ақтайтынымызға кәміл сенемін. 30 тамыз Жеңіс мерекесі құтты болсын" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар