"Айя-София мешіті бүкіл адамзатқа ашық"

Дін істері басқармасы төрағасы Али Эрбаш мәлімдеме жасады.

1466736
"Айя-София мешіті бүкіл адамзатқа ашық"

Дін істері басқармасы төрағасы Али Эрбаш Айя-София мешітінің бүкіл адамзатқа ашық екенін жариялады.

Эрбаш Дүзджеде журналисттерге жасаған мәлімдемеде Айя-София мешітінің 24 шілде күні ғибадатқа ашылуымен 86 жылдық сағыныштың аяқталғанын атап көрсетті.

Эрбаш «Айя-Софияның ғибадатқа ашылуы әрі ұлтымыз, әрі бүкіл адамзат үшін құт әкелген бір жаңалық болды. Тек қана мұсылмандар емес, күн сайын он мыңдаған адам келіп аралауда. Біз Айя-София бүкіл адамзатқа ашық дейміз» деді.

Эрбаш Дін істері басқармасы, Мәдениет және туризм министрлігі Қорлар бас дирекциясы және Стамбул губернаторлығы ынтымақтастығымен Айя-Софияда ең жақсы қызметті ұсынуға тырысқандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар