Аясофия кітабы мен интернет парақшасы дайындалды

"Аясофия мешіті: Фатих Сұлтан Мехмет Ханның аманаты, адамзаттың ортақ қазынасы" деген тақырыппен кітап және интернет парақшасы дайындалды.

1461497
Аясофия кітабы мен интернет парақшасы дайындалды

Коммуникация басқармасы Аясофия мешітінің ғибадатқа қайта ашылуына орай "Аясофия мешіті: Фатих Сұлтан Мехмет Ханның аманаты, адамзаттың ортақ қазынасы" деген тақырыппен кітап және интернет парақшасын дайындады. 

Түрікше, ағылшынша және арапша дайындалған кітап жұма намазына келгендерге таратылды.

Кітапта президент Ердоғанның Аясофияның мұражайдан мешітке өзгертілуіне байланысты шешімінен кейінгі Ұлтқа үн қату баяндамасы орын алды.

Кітаптың алғы сөзінде Коммуникация басқармасының төрағасы Профессор доктор Фахреттин Алтунның:

"Коммуникация басқармасы ретінде осы құнды оқиғаны тарихқа қалдыруды жөн көрдік. Қолыңыздағы еңбек Аясофияның тарихи символ және құнымен бірге сәулет өнері ерекшеліктерін білгісі келгендер үшін мәліметтер ұсынады. Аясофияның діни және мәдени тұрғыдан қандай маңызы болғаны да кітапта түсіндірілді" деген сөздері бар.

Коммуникация басқармасы кітаптағы мазмұндарды қамтыған түрікше және ағылшынша "ayasofyacamii.gov.tr" интернет парақшасын да ашты. 

Интернет парақшасында Коммуникация басқармасы мұрағатынан алынған Аясофия мешітінің суреттерінен құралған арнайы бөлім де бар.  



Ұқсас жаңалықтар