Аясофия мешіті ашылуда

Аясофия мешіті бүгін оқылатын жұма намазымен бірге 86 жылдан кейін қайтадан ғибадатқа ашылуда.

1461084
Аясофия мешіті ашылуда
ayasofya camisi.jpg
ayasofya vatandaslar.jpg
ayasofya vatandaslar1.jpg

Аясофия мешіті бүгін оқылатын жұма намазымен бірге 86 жылдан кейін қайтадан ғибадатқа ашылуда.  

Дін істері басқармасы тарапынан ұйымдастырылған дұға бағдарламасы басталды. Кейбір сүрелер оқылатын бағдарлама  Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаштың дұғасымен аяқталады. 

Аясофия мешітінде алғаш рет намаз қылғысы келген азаматтар таңғы уақыттан бері бақылау пункттерінде күтіп тұрды. 

Коронавирустың жаңа түрінің (Ковид-19) өршуіне байланысты бақылау пункттерінде температура өлшеу және маска бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Президент Режеп Тайып Ердоған және Ұлтшыл Қозғалыс партиясы төрағасы Девлет Бахчелинің де қатысуы күтілген беташар рәсіміне бұл жерге көптеген жергілікті және шетелдік туристтердің келгені байқалды. 

Кең көлемді қауіпсіздік шаралар жасалған ауданда көптеген полиция қызмет атқарады. 

 



Ұқсас жаңалықтар