Бүкіләлемдік садақ ату федерациясы 2021 жылға арналған кестесін жариялады

Ковид-19-дың өршуіне байланысты 2020 жылға арналған қызмет тоқтатылды.

1459161
Бүкіләлемдік садақ ату федерациясы 2021 жылға арналған  кестесін жариялады

Бүкіләлемдік садақ ату федерациясы (WA) 2021 жылға арналған уақытша кестесін жариялады.

 Федерация мәлімдемесіне сәйкес, коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) өршуіне байланысты 2020 жылға арналған қызмет тоқтатылды.

Алайда елдер 2020 жылдың 1 қыркүйегінен 2021 жылдың 1 сәуіріне дейінгі аралықта әлемдік рейтингке сәйкес келетін арнайы шараларды ұйымдастыра алады.

2021 жылғы Hyundai садақ ату бойынша Әлем кубогының маусымында халықаралық беделді спортшылар Гватемалада (19-25 сәуір), Шанхайда (17-23 мамыр) және Парижде (22-27 маусым) бақтарын сынайды.

Токио үшін финалдық біліктілік турнирі бастапқыда 2020 жылы Берлинде жоспарланған болатын. Алайда Олимпиада бір жылға кешіктірілгеннен кейін орын Париж алды.

Іс-шара тәуелсіз организация ретінде 18-21 маусымда Әлем кубогы қарсаңында өтеді.

2021 жылғы Hyundai садақ атудан әлем чемпионаты 19-26 қыркүйек аралығында АҚШ-тың Янктон қаласында өтеді.

Садақ атудан жастар арасындағы әлем чемпионаты Австралияның Перт қаласында 11-17 қазан аралығында өтеді.

Түркия 2021 жылы Еуропа чемпионатын өткізеді.

2021 Садақ атудан Еуропа біріншілігі Түркияда 30 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді.



Ұқсас жаңалықтар