Басқа елдегі мұсылмандар Аясофияда намаз қылғысы келеді

Түрлі елдерде өмір сүрген мұсылмандар да Аясофия мешітінде намаз қылу үшін сабырсыздануда.

1454848
Басқа елдегі мұсылмандар Аясофияда намаз қылғысы келеді

Түрлі елдерде өмір сүрген мұсылмандар да Мемлекет кеңесінің  шешімі және президент Режеп Тайып Ердоғанның бекітуімен қайтадан ғибадатқа ашылған  Аясофия мешітінде намаз қылу үшін сабырсыздануда.  

Аясофияның қайтадан ғибадатқа ашылу шешімі Түркияда болғандай басқа елдердегі мұсылмандарды да қуанышқа бөледі.  

Ұлыбританияда өмір сүрген Бадр Манир Аясофия мешітінде намаз қылу үшін Ұлыбританиядан Түркияға келді. 

Манир Аясофияның қайтадан ғибадатқа ашылуына қатты қуанғанын айтып, 24 шілдеде Аясофияда намаз қылу үшін сабырсызданғанын түсіндірді. 

Ауғанстандық Хабибуллах Али Күзей болса, Аясофияның ғибадатқа ашылуы шешіміне қатты риза болғанын баяндап, "Біз өте қуаныштымыз. Өйткені Аясофияда қайтадан ғибадат етуге болады. Президент Режеп Тайып Ердоғанға көп алғыс айтамыз. Аясофияның ішінде намаз қылғымыз келеді" деді. 

Балалары және шешесімен бірге Түркияға келген иорданиялық Алхури отбасы да күн бойы тарихи түбекті аралап, Аясофия алдында суретке түсті. 

Алхуидің шешесі Уиам "Аясофияның қайтадан ғибадатқа ашылуы біз үшін өте бақытты бір жағдай" деді. 

Индонезиядан Түркияға білім алу үшін келген Харманда Агунг та Аясофияның ғибадатқа ашылуына қатты қуанғанын білдірді. 

Агунг "Аясофияның қайтадан ғибадатқа ашылғаны үшін өте бақыттымын. Өйткені мен бір мұсылманмын және Аясофия  ішінде намаз қылғым келеді" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар