Неміс депутаттардан Түркиямен туризм келіссөздеріне қолдау

Германияда биліктегі коалиция партияларының мәлімдемеші депутаттары келіссөздерге қолдау берді.

1450691
Неміс депутаттардан Түркиямен туризм келіссөздеріне қолдау

Германияда биліктегі коалиция партияларының сыртқы саясат мәлімдемешілері Түркиямен туризмді қалпына келтіру мақсатты жүргізілген келіссөздерге қолдау берді.

Социал-демократиялық партияның Жалпы Кеңес отырысында Сыртқы саясат мәлімдемешісі Нилс Шмид, Христиан-демократиялық бірлік партиясы (ХДП) және Христиан қоғамдық бірлестік партиясы Парламенттік тобының сыртқы саясат жөніндегі өкілі Юрген Хардт және Әділет және даму партиясының вице-президенті Жевдет Йылмаз, Берлинде болып өткен жиналыста күн тәртібін бағалады.

Германияның Еуроодақ кезекті басшылығы кезеңінде Еуроодақ-Түркия арасындағы қарым-қатынастарды жетілдіруді үміт еткендерін атап көрсеткен Шмид Сovid-19 эпидемиясымен күресте табысқа жету арқылы алдағы уақытта Германияның саяхат ескертулерінің де жойылуын күткендерін бөлісті.

Шмид «Осы жазда Түркияға демалысқа бара аламын деп ойлаймын. Бәлкім алдағы бір екі апталық мерзімде саяхат ескертуінде кейбір өзгерістер байқауымыз мүмкін. Мен де сөмкемді дайындап баратыныма сенімдімін» деді.

Христиан бірлік партияларының парламенттік тобы сыртқы саясат мәлімдемешісі болған депутат Юрген Хардт болса Түркия мен Германия арасында туризм саласында жалғасқан диалогтың үміт артқанына назар аударып, «Егер Германия мен Түркия арасындағы саяхат шектеулерін жеңілдету тақырыбында бір әдіс таба алатын болсақ әрі Германиядағы жүз мыңдаған түрік үшін әрі демалыстарын Түркияда өткізуді қалаған жүз мыңдаған неміске пайда әкеледі» деді.

Әділет және даму партиясының вице-президенті Жевдет Йылмаз Германияда Еуроодақ төрағалығын құттықтап, «Бұл кезеңде Еуроодақ-Түркия қарым-қатынастарын өте жоғары деңгейге жеткізе алатынымызды үміт етеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар