Софияда 70 жылдан кейін хатім түсірілді

Болгарияның астанасы София қаласында 70 жылдан кейін тұңғыш рет хатім түсірілді.

1444922
Софияда 70 жылдан кейін хатім түсірілді

Болгарияның астанасы София қаласында 70 жылдан кейін тұңғыш рет хатім түсірілді. 

Софиядағы жалғыз мешіт Бания Башы мешітінің артындағы бақшада ұйымдастырылған хатім рәсімінде Құран Кәрім хатімін түсірген 17 түлек сүрелерден оқыды. Құран Кәрім курсында оқып жатқан 4-12 жастар арасындағы 22 бала дұға қылды, ән айтты және өлең оқыды. Сахналық ойын көрсетті.

Хатім түсіру рәсіміне Болгария Мұсылмандары Діни қоғамының мүфтиі Доктор Мұстафа Алиш қажы, Ислам Жоғарғы кеңесінің төрағасы Ведат Ахмет, Болгариядағы Діни қоғамдар одағының төрағасы Бинали Бирали, Түркияның Болгариядағы өкілетті елшілігі Әлеуметтік істер хатшысы Мехмет Генч және басқа да лауазымдылар қатысты.

Іс-шараның соңында Құран Кәрім хатімін түсірген және рәсімге қатысқан түлектерге сыйлық берілді.    



Ұқсас жаңалықтар