Бошнактар Айуаз Дедені еске алды

Бошнактардың Исламды қабылдауының маңызды символының біреуі Акхисарлы Айуаз Дедені еске алу мақсатымен ұйымдастырылған іс-шаралар аяқталды.

1444960
Бошнактар Айуаз Дедені еске алды

Бошнактардың Исламды қабылдауының маңызды символының біреуі Акхисарлы Айуаз Дедені еске алу мақсатымен ұйымдастырылған іс-шаралар аяқталды.

Бошнактардың Исламды қабылдауының маңызды символының біреуі Акхисарлы Айуаз Дедені еске алу үшін Босния-Гервеговинада 510-шы мәрте ұйымдастырылған Айуаз Деде мерекесі Прусак қалашығы маңындағы алаңда жүздеген адамның қатысуымен оқылған түскі намазбен аяқтады. 

Елдегі ең көлемді іс-шараға қатысу үшін алыс қалалардан шыққан 244 атты кісі мереке алаңына азанда келді. Күннің ыстығына қарамай алаңды толтырған халық ұлттық киімдерімен келген аттыларды күтіп алды. 

Атты кісілер алаңға келгеннен кейін байрақ көтергендермен бірге аңызға қарағанда 510 жылдың алдындағы құрғақшылықта Айуаз Деденің дұға оқуымен су шыққан жартастың маңынан шеру тартты. 

Мереке үшін Пурсакқа келген бошнактар жартас жарылып, су шыққан және құрғақшылық аяқтаған жерде дұға қылды.   

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті бұрынғыдан аз кісі қатысқан бағдарламада Құран Кәрім оқылды, илахилер айтылды.

Биыл Түркиядан мехтар мен сема тобы қатыспаған мереке бағдарламасы індетке орай қарапайым өткізілді.    



Ұқсас жаңалықтар