Түркияда демалыс сенімді

Министр: "“Демалысыңыз Түркияда сенімде” деді.

1444443
Түркияда демалыс сенімді

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой шетелден Түркияға демалуға келген бір отбасының сенімді түрде демалатынын көрсететін бір видео жариялап, “Демалысыңыз Түркияда сенімде” деді. 

Министр әлеуметтік желіде демалысқа келетіндер үшін қолданылатын шараларды қамтыған видео жариялады. 

Түркияның халықаралық таныстыру үшін "Go Turkey"  платформасы арқылы 17 елде жарияланатын видеода шетелден Түркияға демалысқа келген бір отбасының әуежайдан қонақүйге дейін демалысын сенімді түрде өткізе алатыны көрсетілген. 

Мәдениет және туризм министрі Ерсой: “Осы жаңа кезеңде тамаша демалыңыз деп сіз үшін барлығын ойластырдық. Демалысыңыз Түркияда сенімде” деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар