Курт Кобейннің гитарасы 6 миллион долларға сатылды

Nirvana музыка тобының әншісі Курт Кобейннің гитарасы 6 миллион долларға (мөлшермен 41.2 миллион түрік лирасы) сатылды.

1441098
Курт Кобейннің гитарасы 6 миллион долларға сатылды

Nirvana музыка тобының әншісі Курт Кобейннің гитарасы 6 миллион долларға (мөлшермен 41.2 миллион түрік лирасы) сатылды.

BBC-дің хабарына қарағанда "Julien's" Аукцион сауда үйінен жасалған мәлімдемеде Nirvana музыка тобының әншісі және гитаристі Курт Кобайнның 1993 жылы Нью-Йорктағы  MTV Unplugged  бағдарламасында ойнаған "1959 Мартин Д-18Е" акустикалық гитарасының Лос-Анджелесте ұйымдастырылған аукционда 6 миллион долларға сатылғаны білдірілді.

Курт Кобейннің қайтыс болудан 5 ай бұрын ұйымдастырылған MTV Unplugged  бағдарламасында ойнаған гитарасы австралиялық кәсіпкер Питер Фридман тарапынан сатып алынды.

АҚШ-та 1994 жылы 27 жасында қайтыс болған Кобейн мүше болған Nirvana музыка тобы елде 25 миллион, әлемде 75 миллион альбом сатқан болатын.

Курт Кобейн 1994 жылы сәуірде Сиатъл қаласындағы үйінде өзін өлтірген.  



Ұқсас жаңалықтар