Түркияда 32 мың 411 кітапхана жұмыс істейді

Түркия Статистика мекемесі 2019 жылдың “Кітапхана деректерін” жариялады.

1439887
Түркияда 32 мың 411 кітапхана жұмыс істейді

Түркияда 32 мың 411 кітапхана жұмыс істейді. 

Түркия Статистика мекемесі 2019 жылдың “Кітапхана деректерін” жариялады. 

Осы деректерге қарағанда,  ел көлемінде өткен жылы бірі ұлттық деңгейде,  1182сі халық, 610-ы унирверситет, 30 мың 618-і басқа да оқу орындарының кітапханасы,  барлығы 32 мың 411 кітапхана бар. 

Ұлттық кітапхананың 137 мың 014, халық кітапханаларының 3 миллион 955 мың 908 және университет кітапханаларының 3 миллион 568 мың 073 мүшесі бар. 

Өткен жылы Ұлттық кітапханадағы кітап саны 1 миллион 443 мың 751 ретінде тіркелді. Осындағы басқа да материалдардың саны 185 мың 527 болды.



Ұқсас жаңалықтар