Түркия Шахмат командасы чемпион болды

Түркия Шахмат Федерациясының Шахмат командасы  "Bullet"  категориясында чемпион болды.

1438092
Түркия Шахмат командасы чемпион болды

Жерорта теңізі Шахмат одағы және Халықаралық Шахмат Федерациясы (FIDE) тарапынан "Коронавирусты жең" жобасы аясында интернет арқылы ұйымдастырылған Жерорта теңізі команда ойындары аяқталды. 

Түркия Шахмат Федерациясынан жасалған мәлімдемеде 3 апта бойынша жалғасқан финал турнирі нәтижесінде Түркия Шахмат Федерациясының Шахмат командасы  "Bullet"  категориясында чемпион болды.

"Bullet"  категориясында Косово, Грекия, Мысыр, Черногория, Алжир, Сирия, Ливан, Албания және Солтүстік Македония елдері командаларымен сайысқан Түркия Шахмат Федерациясы командасы 3 мың 319 ұпай жинап, алғашқы орынды иеледі.

Грекия 2 мың 991 ұпаймен екінші, 2 мың 950 ұпаймен Косово үшінші орынды жеңіп алды.  



Ұқсас жаңалықтар