Лавандалар қонақтарын күтеді

Эдирненің лаванда егістіктері қонақтарын күтіп ала бастады.

1437025
Лавандалар қонақтарын күтеді
lavanta.jpg

Эдирненің таңдаулы жерлерінің бірі, жыл сайын суретке түсуді жақсы көретіндер келетін лаванда егістіктері қонақтарын күтіп ала бастады. 

Фракия Егіншілік зерттеу институтының лаванда егістіктеріне өткен жылы болған Лаванда күндеріне бір аптада шамамен 60 мың адам келді. 

Биыл болса эпидемия салдарынан іс-шара ұйымдастырылмады. Бірақ фотографияға түсіргісі келетін азаматтар үшін бақылау астында ашылды. 

Мәдениет және туризм қалалық басшысы Кемал Сойтүрік экономикалық құнымен назар аударатын лаванда егістіктерінің сонымен бірге теңдесі жоқ табиғи сұлұлық екенін айтты.  “Фракия Егіншілік институтының Караағачтағы лаванда егістігін биыл туристер үшін бақылау астында аштық. Келген қонақтардың дене температуралары өлшенеді, маска киген қонақтар егістікке кіре алады” деді ол. 

Егістіктер бір апта бойы Түркия уақытымен сағат 10.00-21.30 арасында келушілерге ашық болады. 



Ұқсас жаңалықтар