TRT Russian хабар тарата бастады

TRT Russian бүгіннен бастап цифрлық платформаларда жариялана бастады.

1422962
TRT Russian хабар тарата бастады

Түркия Телерадио корпорациясының (TRT) жаңа хабар порталы TRT Russian бүгіннен бастап цифрлық платформаларда жариялана бастады. 

Түркияның  халықаралық аренадағы даусы болған TRT шет тілдердегі эфирлерін арттыруын жалғастыруда. Түркия Телерадио корпорациясының жаңа порталы TRT Russian назар аударарлық сұхбаттары,  шындықты көрсететін мәліметтері және ықылас аударатын видеоларымен орыс тілді аудиторияға арналады. 

TRT Russian хабар порталы YouTube, Facebook, Twitter, Instagram және Telegram секілді әлеуметтік желілерде де орыс тілді аймақтарға хабар тарататын болады.



Ұқсас жаңалықтар