Қадір түнінде үйлерде ғибадат етеміз

Адам баласы үшін Құран Кәрім түсіріле бастаған Қадір түні “көктің қақпасы ашылып,  дұға мен тәубалар қабылданатын түн” деп те аталады.

1419877
Қадір түнінде үйлерде ғибадат етеміз

Ислам дінінде мың айдан қайырлы деп қабылданатын Қадір түні рамазан айының 27-ші түніне дөп келетін бүгін атап өтіледі. 

Адам баласы үшін Құран Кәрім түсіріле бастаған Қадір түні “көктің қақпасы ашылып,  дұға мен тәубалар қабылданатын түн” деп те аталады. 

Коронавирус шаралары шеңберінде мешіттердегі ғибадаттар уақытша тоқтағандықтан мұсылмандар Қадір түнін үйлерінде ғибадат етіп өткізеді. Сонымен қатар Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаш та бүгінгі қасиетті күнге орай құттықтау жариялады. 

Ол Ислам әлемінің рақым мен кешірім айы рамазанның мәңгі азаптан құртылудың мүмкіндігін ұсынған соңғы күндерінің жұлдызы Қадір түніне қауышудың қуанышын атап өтті.  Ербаш осы түнді басқа уақыттардан ерекше қылатын қасиетінің - осы күні Құранның түсіріле бастауы екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар