Ресейде Премьер лига қайта басталады

Ресей Премьер лигасы 21 маусым күні басталады.

1418229
Ресейде Премьер лига қайта басталады

Коронавирус эпидемиясына байланысты шамамен екі айдан бері тоқтатылған Ресей Премьер лигасы 21 маусым күні басталады. 

Ресей Футбол федерациясының хабарламасына қарағанда, эпидемия салдарынан 17 наурыз күні тоқтатылған Премьер лига мен екінші лига матчтары 21 маусым-22 шілде күндері аралығында ойналады. 

Ресей Премьер лигасында маусымның қалған бөлімінде әрбір команда бес ойыншысы ауыстыра алады және матчтарға көрермен қабылданбайды.

Төрт апта болатын матчтар нәтижесінде Ресей Премьер лигасын соңғы екі орында аяқтайтын командалар екінші лигаға қалады. 

Екінші лиганы алғашқы екі орында аяқтайтын командалар болса келесі маусымда Премьер лигаға шығады. 

Үзіліс берілген Ресей Кубогы матчтары да жалғасады және 25 шілдеде аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар