Парижде таба алмаған масканы Анкарадан алдым

Жан-Кристоф Гранже Францияның бас қаласы Парижде табылмаған масканы Анкарадан алғанын айтты.

1418476
Парижде таба алмаған масканы Анкарадан алдым

Француз журналист, жазушы және сценарист Жан-Кристоф Гранже Францияның бас қаласы Парижде табылмаған масканы Анкарадан алғанын айтты. “Шынайы түрде айтып отырмын. Түркияны ойлағанда сезімге берілемін.  Жақында қайтадан барамын” деді ол. 

Француз мәдениетін шетелде таныстыру мақсатында жұмыс істейтін Франция Институтының түрік тіліндегі әлеуметтік желі парақшасында Гранженің видеосы жарияланды.  Гранже: “Парижде карантинге кірмей тұрып, Түркияда болатынмын. Анкарада маска іздедім. Себебі Парижде еш қалмаған еді.  Маскаларымды алдым және антисептигімді алдым. Сосын Парижге келдім.  Артынан дереу шекаралар жабылды.  Анкарада болған күндерімді жақсы естеліктермен еске аламын” деді. 

Жазушы түрік оқырмандардың оны жақсы қонақ қылғанын атап көрсетті. “Шынай түрде айтып отырмын,  Түркияны ойлағанда сезімге берілемін. Жақында қайтадан барамын” деді ол. 

Француз жазушы наурыз айында Анкара Кітап көрмесіне келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар