АҚШ-та F-35 соғыс ұшағы өндірісінде Түркия уайымы

АҚШ: Түркиясыз F-35 бағдарламасының жалғасуы мүмкін емес.

1416445
АҚШ-та F-35 соғыс ұшағы өндірісінде Түркия уайымы

АҚШ Үкіметі Есеп беру офисінің F-35 жеткізу туралы есебінде Түркияны F-35 бағдарламасынан шығару бастамасының бағдарламаның бөлшектерін өндіру және жеткізу мерзімінде кешіктіретініне назар аударылды.

АҚШ Конгресі үшін бақылау, бағалау және тергеу қызметтері ұсынатын Есеп беру офисі F-35 рапортында ұшақты сынақтан өткізу және бөлшек өндірісінің жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эаидемиясы салдарынан маңызды мөлшерде кешіккені атап көрсетілді.

Ұшақтың толық күште өндірісінің 2021 жылы наурыз айына созылуы мүмкін екені атап көрсетілген рапортта Түркияның бағдарламадан шығарылуының аталмыш рисктерді одан да арттыратыны жайлы бағалауы назар аударды.

АҚШ Үкіметі Есеп беру офисі рапортында «Түркияның 2019 жылы шілде айында орыс қорғаныс жабдықтарын (S-400 әуе қорғаныс жүйесі) сатып алуы уайымдарды арттырғаны себепті бағдарламадан шығарылуы, өндіріс рисктерін де арттыратын болады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар