Үйде спортпен айналыс, атақты спортшымен кездес

Жастар мерекесінде жастарға тосын сый болады.

1415134
Үйде спортпен айналыс, атақты спортшымен кездес

Коронавирус эпидемиясына байланысты биыл үйлерде тойланатын 19 мамыр Ататүрікті еске алу, Жастар және спорт мерекесі шеңберінде TRT Спорт каналы жастар үшін тосын сый дайындады.

23 сәуір Ұлттық Егемендік және балалар мерекесінде балаларға мереке шаттығын ұмыттырмаған Түркия Телерадио корпорациясы 19 мамыр мерекесінде де жастарды елеусіз ұалдырмайды.

#Үйде19Мамыр этикетімен үйде спорттық видео түсіретін жастар оны әлеуметтік желілерде жариялайды. Осылайша олар Түркияның беделді 19 спортшысымен кездесу мүмкіндігіне ие болады.  

Жастардың үйдегі спорттық істеріне байланысты видеоларын тамашалайтын атақты спортшылар араларынан үздіктерін таңдайды және олармен TRT Спорт экранында бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар