Австралияда түрік студенттерге қаржылай көмек

Шетелдегі түріктер мен ағайын қауымдастықтар басқармасы Австралиядағы студенттерге көмектесуде.

1412058
Австралияда түрік студенттерге қаржылай көмек

Шетелдегі түріктер мен ағайын қауымдастықтар басқармасы Австралияда жаңа тип коронавируспен (Сovid-19) күрес аясында іске қосылған шаралар себепті жұмыссыз қалған түрік студенттерге қаржылай көмек берді.

Шетелдегі түріктер мен ағайын қауымдастықтар басқармасы Морелэнд түрік қоғамының «Диаспора Covid-19 қолдау және ынтымақтастық бағдарламасы» тақырыпты жобасын қабылдады. Жоба аясында Австралияда жұмыс істеп білім алған, дегенмен Сovid-19 эпидемиясымен күрес шаралары аясында кәсіпорындар жабылған соң жұмыссыз қалған түрік студенттерге қолдау беріледі.

Басқарма бұл аяда қоғам арқылы Мельбурндегі 100 студентке 100 долларлық   сауда талоны мен жалға алу жәрдемі жасады.

Басқа жағынан басқарма Германияда түрік азаматтарының ораза айы себепті ұйымдастырылған «Садақа қоймасы» атты жәрдем жобасына азық-түлік қолдауы берді.

Шетелдегі түріктер мен ағайын қауымдастықтар басқармасының мәлімдемесіне қарағанда «Диаспора Covid-19 қолдау және ынтымақтастық бағдарламасы» аясында Baden-Württemberg штатында орын алған Kirchheim unter Teck қаласындағы «Садақа қоймасы» жобасына 3 тонналық азық-түлік жәрдемі жасалды.

Дін істері түрік-ислам одағы Сұлтан Ахмет мешіті қоғамы тарапынан жасалған жәрдем жобасына май, ұн және макарон сияқты негізгі азық-түлік материалдары бағышталды.



Ұқсас жаңалықтар