Мостар көпірінде түрік туы ілінді

Босния және Герцоговинаның ең маңызды символы болған Мостар көпіріне Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ашылуының 100 жылдығына орай түрік байрағы ілінді.

1403334
Мостар көпірінде түрік туы ілінді

Босния және Герцоговинаның ең маңызды символы және ЮНЕСКО-ның тарихи мұрасы тізіміндегі Мостар көпіріне Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ашылуының 100 жылдығына орай түрік байрағы ілінді. 

Түркияның Мостар Бас консулдығы осы тақырып жайлы  твиттер арқылы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде тарихи көпірдің фотосуреттерімен қатар "Түркия Ұлттық Мәжілісі 100 жасында. Мерейтойды салтанатпен құтықтайық" деді. 

Мостар көпірінің түрік туын ілген фотосуретін твиттерде бөліскен Сыртқы істер министрі орынбасары Явуз Селим Кыран да "Мостар көпіріне рахмет. Мостар көпірі тарихи міндетін атқарды. Мостар көпірі өте батыр және жүректі. Мостар көпірі үстінен өткендердің ешқашан бодандық болмаған бір ұлт екенін әбден біледі. Бұл кеште Мостар көпірі түрік байрағының түсі болған  ай және жұлдыз түстермен жарықтандырды. Мостар көпірі түрік  байрағымен тіпті тамаша және айбатты" деген сөзддер қолданды.  

 

 



Ұқсас жаңалықтар