Вильгельм Отт мұсылман болды

Австриялық боксшы Вильгельм Отт мұсылман болғанын айтты.

1401399
Вильгельм Отт мұсылман болды

Австриялық боксшы Вильгельм Отт мұсылман болғанын айтты. 

Твиттер арқылы мәлімдеме жасаған 37 жасындағы боксшы "Мұсылман болуды ұзақ уақыттан бері ойлаған едім. Карантин мерзімінде Исламның құндылықтары маған күш-қуат берді" деді. 

Мұсылмандықты қабылдаған Вильгельм Отт Алланың өзіне дұрыс жол көрсеткенін білдірді. 
Австриялық боксшы түрік достарының өзінің мұсылман болуына қатты  ықпал жасағанын және алғаш Құран Кәрімді олардан алғанын атап өтті. 
Әсерлерін түсіндірген Вильгельм Отт "Мұсылман болғанымды тек достарыма айтайын деп едім. Бірақ баршаның білуі керектігін ойладым. Твиттерде жарияланған видеодан кейін көп адам  маған құрмет  көрсетті. Мұнша көп адамның көңіл бөлетінін күтпеген едім. Маған деген құрметтеріне орай Ислам әлеміне алғыс айтамын. Баршаңызға сүйспеншілігімді білдіремін және "Машаллах" дегім келеді" деді. 
Отт "Ораза ұстайтын күндерді сабырсыздықпен күтудемін" деген сөздер қолданды.  

 



Ұқсас жаңалықтар