ЮНЕСКО тізіміне 5 мәдени мұрамыз енді

ЮНЕСКО Әлем Мұралары тізіміне 5 мұраны енгізген Түркияның аталмыш тізімдегі мәдени мұра саны 83-ке көбейді.

1400420
ЮНЕСКО тізіміне 5 мәдени мұрамыз енді

БҰҰ Білім, Ғылым және Мәдениет ұйымы ЮНЕСКО Әлемдік мұралар тізіміне 5 мұраны енгізген Түркияның аталмыш тізімдегі мәдени мұра саны 83-ке көбейді.

Мәдениет және Туризм министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда ЮНЕСКО-ға ұсынылған және әлем мұрасы болудың алғашқы қадамы уақытша тізімге 16 сәуірде Түркиядан 5 жаңа мәдени мұра қосылды.

Осылайша 2019 жылы тізімде 78 болған Түркияның мәдени мұрасы 83-ке жетті.

Әлемдік мұралар тізіміне тіркелген мәдени мұралар Анкараның Бейпазары Тарихи қаласы, Измир Тарихи кемежай қаласы, Османиедегі Каратепе-Асланташ Археологиялық алаңы, Кайсерідегі Корамаз қойнауы және Диярбакырдағы  Зерзеван қамалы мен Митреум ғибадатханасы.



Ұқсас жаңалықтар