TRT-1 телеарнасында "Үйде" атты жаңа телесериал басталады

Ойыншылар толығымен өз мүмкіншіліктерімен үйлерінде түсірген телесериал бейсенбі күні басталады.

1391468
TRT-1 телеарнасында "Үйде" атты жаңа телесериал басталады

Ойыншылар толығымен өз мүмкіншіліктерімен үйлерінде түсірген «Үйде» атты теле сериалдың бірінші бөлімі бейсенбі күні TRT-1 (Түркия Радио Теледидар корпорациясы) телеарнасынан көрсетіледі.

Бирол Гүвен сценарийін жазған және ойыншылар үйлерінде өз мүмкіншіліктерімен түсірген «Үйде» атты телесериал бейсенбі күні алғашқы бөлімімен көрерменге ұсынылады. Ойыншылар TRT-1 телеарнасында өз үйлеріндегі тұрмыстарын көрерменге бұл қиын күндерде күлкілі қылып жеткізеді.

Танымал ерлі-зайыпты ойыншылар Расим Өзтекин мен жұбайы Эсра Өзтекин бірін бірі камераға түсірді. Өзтекин жанұясы әрі ойыншы, әрі режиссер, әрі камера операторы болды.

TRT телеарнасының танымал ойыншысы Шорай Узун 3 баласы және жұбайымен орын алды. Сол үйдің басты кейіпкерлері Элчин Шорай мен бір-бірінен қабілетті балалары.

«Сексенінші жылдар» атты телесериалдың сценарийін жазған Мурат Арасқа қоса, Айше Толга, Ашкын Шенол, Зеки Йылмаз, Баран Караоғлан, Аслы Пекташ, сияқты тәжірибелі ойыншылардың қатысуымен түсірілген фильмнің алғашқы көрсетілімін TRT-1 телеарнасы көрермені асыға күтеді.

«Үйде» атты жаңа телесериалды бейсенбі күні кешкі уақытта Түркия уақытымен сағат 20.00-де TRT-1 теле арнасынан тамашалай аласыздар.



Ұқсас жаңалықтар