Али Коч қолдау беруге шақырды
Фенербахче командасының футболшыларынан мағыналы әрекет...
Футболшылар Стамбул акиматының “Вефа” акциясына 33 мың пакет азық-түлік берді.
Фенербахче клубының төрағасы Али Коч пен команда капитаны Емре Белөзоғлу жаңа типтегі коронавирус эпидемиясы себебімен қиын күндер өтіп жатқан кезде мемлекетке қолдау беру үшін шақыру тастады. Төраға Али Коч “Бұл қиыншылықтарды бірге еңсереміз” деді.
Команда капитаны Емре Белөзоғлу да командадағы жолдастарымен бірге 5 миллион лира жинағандарын және осы процесте қолдану үшін акцияға қосылғандарын айтты.
Команда мүшелеріне алғыс айтқан Али Коч футбол әлемін де акцияға қосылуға шақырды.
Осы арада Коч Холдинг құрамындағы Диван Стамбул және Диван Стамбул Сити қонақүйлерінің коронавируспен күресіп жатқан медициналық қызметкерлердің қызметіне берілгені хабарланды.
Ұқсас жаңалықтар
TRT-нің «12 Punto 2024» финалистері белгілі болды
TRT-нің «12 Punto 2024» көркем фильмі номинациясында12 жоба финалға шықты.
«ТРТ Халықаралық 23 сәуір балалар фестиваліне» 500 бала қатысады
«ТРТ Халықаралық 23 сәуір балалар фестивалінің» 46-шысына 29 елден 500 бала қатысады.