Том Хэнкс сауығып келеді

Том Хэнкс сауығып келе жатқандарын айтты.

1383532
Том Хэнкс сауығып келеді

Жұбайы Рита Уильсонмен бірге  коронавирусқа шалдыққан атақты актер Том Хэнкс сауығып келе жатқандарын айтты. 

Хэнкс Твиттер есебінен жұбайы мен өзінің сауығу процесіне кіргендерін айтып: “Алғашқы белгілерден бері екі апта өтті және өзімізді жақсы сезінеміз” деді. 

Вирустың жұғуының алдын алу үшін өзін оқшауландырудың маңызы туралы актер: “Оқшауланған бір жерде қалудың мынадай пайдасы болады: Басқа адамдарға жұқтырмайсыз. Басқасынан сізге жұқпайды. Солай емес пе?” деді. 

“Біраз уақыт керек,  бірақ бір бірімізге көңіл бөлсек, қолымыздан келгенше көмектессек, кейбір камфорттардан бас тартсақ, бұл да өтіп кетеді” деді ол. 

Хэнкс пен жұбайы Covid-19 тестінің позитив шыққанын 12 наурыз күні білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар