Олимпиада ойындары кейінге қалдырылды

Дик Поунд 2020 Токио Олимпиада ойындарының кейінге қалдырылатынын айтты.

1383745
Олимпиада ойындары кейінге қалдырылды

Халықаралық Олимпиада комитеті мүшесі Дик Поунд 2020 Токио Олимпиада ойындарының кейінге қалдырылатынын айтты. 

АҚШ баспасөзіне мәлімет берген Поунд олимпиада ойындарының эпидемия салдарынан 2021 жылы өткізілетінін білдірді. “Халықаралық Олимпиада комитеті олимпиада ойындарын кейінге қалдыруға шешім берді.  Олимпиаданың бастау күнінің 24 шілде болмайтыны анық. Ойындарды кешіктіреміз және ортаға шығатын проблемаларға шешім табуға тырысамыз” деді ол. 

Олимпиада ойындарының биыл Жапонияның бас қаласы Токиода 24 шілде-9 тамыз күндері арасында ұйымдастырылуы жоспарланған еді.



Ұқсас жаңалықтар