Коронавируспен күрес әлеуметтік медиа концерттері

Әлеуметтік медиа концерттеріне жетекшілік жасаған Гөкхан Түркменге қоса көптеген әнші қатысуда.

1383513
Коронавируспен күрес әлеуметтік медиа концерттері

Жаңа тип коронавирустың (Cовид-19) эпидемиясы себепті концерттері тоқтаған немесе «үйде болу» шақыруын қолдайтын көптеген әнші өздерінің  өздерінің әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарынан кеш сайын концерт береді.

Лауазымдылардың ескертуінің артынан үйлерінен шықпауға тырысқан атақты әншілер ынтымақтастық үшін YouTube, Instagram, Facebook және Twitter сияқты әлеуметтік желілердегі аккаунттардан мыңдаған көрерменіне ән шырқауда.

Әлеуметтік медиа концерттеріне жетекшілік жасаған әнші Гөкхан Түркменге қоса Сабахат Аккираз, Корай Авжы, Сыла Генчоғлу, Оғуз Аксач, Ялын, Чиғдем Гүрдал, Эсра Ичөз сияқты көптеген әнші де үй концерттері арқылы көрермендердің тілеген әндерін орындауда.

Интернеттегі таратылымдарды қадағалаған кейбір музыканттар да үй концерттеріне өз аспаптарымен қолдау беруде.

Концерт кезінде көрермендерімен әңгімелесетін әншілер көбінесе коронавирус шараларын ұстану және мүмкіндігінше үйден шықпау туралы ескертулер жасауда.

Іс-шаралар аясында Ферхат Гөчер бүгін кешке концерт береді.



Ұқсас жаңалықтар