НАСА жүк кемесі ғарышқа барды

Американ зымыран, жасанды серік және ғарыш кемесін өндіруші SpaceX-тің жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасына жетті.

1375088
НАСА жүк кемесі ғарышқа барды

Америка зымыран, жасанды серік және ғарыш кемесін өндіруші SpaceX-тің жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасына жетті.

Америка Авиация және ғарыш агенттігі НАСА астронавттары Эндрю Морган мен Джессика Меир мөлшермен екі тонна сынақ және қажетті жабдықтарды тасымалдаған Драгон кемесін стансада робот қолымен ұстап алды.

Тасымал кемесі Халықаралық ғарыш стансасында экипаждар үшін грейпфрут пен қызанақ сияқты азықтықпен қоса, тәтті-дәмділерді де апарғаны білдірілді.

Драгрон ғарыштан үлгілерді алып Жер шарына келудің алдында Халықаралық ғарыш стансасында бір ай тұратыны хабарланды. 

Бұл - SpaceX-тің жүк кемесі Драгонмен НАСА үшін Халықаралық ғарыш стансасына жасаған 20-шы кезекті табысты тасымал сапары болды. 

 



Ұқсас жаңалықтар