Коронавирус футбол әлемін де үрейлендірді

Футболистер мен төрешілер көгалға қол алыспай шығады.

1373340
Коронавирус футбол әлемін де үрейлендірді

Коронавирусқа қарсы Ұлыбритания Футбол федерациясы алдын алу шарасын қабылдады.

Лига басшылары жаңа бір хабарға дейін мачтан бұрынғы рәсімдерде футболист және төрешілердің қолмен амандасуына тыйым салды.

Футболистер мен төрешілер көгалға қол алыспай шығады.

Ajax командасында да коронавирус уайымы басталды. Команда басшылығы Томас Кахленбергпен бірге туған күн тойына барған жаттықтырушы Кристиан Пулсен, Алессандро және бір физиотерапистті карантинге алды.

Осы үш кісі түрлі анализ және сынамалар үшін 13 наурызға дейін үйден шықпайтын болады.



Ұқсас жаңалықтар