Түркияның ең үлкен кітапханасы ашылады

Жаңа кітапхана ғимараты 7 күн 24 сағат бойы қызмет беретін болады.

1361763
Түркияның ең үлкен кітапханасы ашылады

Түркияның ең үлкен кітапханасы – Президенттік Ұлт кітапханасы бейсенбі күні ашылады.

Селчук, Османлы және замандас сәулеттен шабыт алынып салынған жаңа кітапхана ғимараты 7 күн 24 сағат бойы қызмет беретін болады. 

Кітапхананы президент Режеп Тайып Ердоған ашады.

Кітапхананың құрылысы 2016 жылы басталды. Аумағы 125 мың шаршыметрлік жаңа кітапхана бір мезетте 5 мың адамға қызмет бере алады.

Президенттік Ұлт кітапханасында 4 миллион басылған, 120 миллион электрондық материал және 550 мың электронды кітап пен сирек кездесетін жазба материалдар бар.

Сөрелерде 100 түрлі елден 134 тілде басылған кітап пен 120 миллион мақала орын алған.

Жаңа кітапханада сонымен бірге жеке коллекциялар,  сирек кездесетін қолжазбалар,  падиша бұйрықтары,  карталар,  фотосуреттер, маркалар мен гравюралар да оқырманға ұсынылады.

Кітапхананың ең назар аударатын бөлімдерінің бірі – Дауыс және көрініс кітапханасы. Бұл бөлімде 10 мың дана көрініс және дыбыс материалдарынан тұратын коллекция бар. Оқырмандар фильм музыкалары мен деректі фильм мұрағатына қол жеткізе алады.

Ұлт кітапханасында балалар, жастар және ересектерге арналған жасанды интеллект, кибер қауіпсіздік,  кодтау курстары ашылады.

Түркияның ең үлкен кітапханасы – Президенттік Ұлт кітапханасының әрі коллекция,  әрі қызметі жағынан әлемнің санаулы кітапханалары арасына енетіні айтылды.



Ұқсас жаңалықтар